Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Банктердің балансында тұрған кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұл кешіріледі. Ал коллекторларға өтіп кеткендерінің өсімпұлы кешірілмейді. Бұл туралы Мәжіліс отырысының кулуарында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Барлығының айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылады. Бұлардың саны 5 миллион адам. Несие алғандардың айыппұлдары мен өсімпұлдарын банктер шілде айының соңына дейін есептен шығарады», – деді Ерболат Досаев журналистерге.
Айта кетейік, Президент жарлығына сәйкес 1 шілде күнге жағдай бойынша тұтынушылық кредиттері бар адамдардың айыппұлдары мен өсімпұлдары кешіріледі. Бұған шамамен 5 млн адам ілінеді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





