Экономика
Выбор редактора
"Коммеск-Өмір" Moody's агенттігімен ынтымақтастықтан бас тартты
"Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы Мoody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінен рейтингін қайтарып алды. Бұл компанияның Мoody’s рейтинг процесіне қатысуын тоқтату туралы шешімін қабылдауына байланысты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін компанияда Мoody’s агенттігінен алған тұрақты болжамды В3 деңгейіндегі сақтандырушының қаржылық тұрақтылық рейтингі әрекет еткен болатын, бұл табыстылықтың тұрақты деңгейін және компанияның төлем қабілеттілігінің адекватты деңгейін қамтып көрсетеді.
Осы жылдың ақпан айында "Коммеск-Өмір" компаниясына A.M. Best халықаралық рейтинг агенттігі "тұрақты" болжаммен b+ несие рейтингін берген-тін. Хабарламада b+ несие рейтингі Standard&Poor's және Fitch агенттіктерінің B+ рейтинг деңгейіне және Moody's Investors Service агенттігінің В1 рейтингіне сай екені айтылады.
"Компанияға қосымша рейтингтердің қажеті жоқ. A.M. Best берген рейтинг деңгейі - компанияның өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға дайын екеніне қатысты тәуелсіз әрі сенімді баға, осының негізінде әлеуетті серіктестер мен клиенттер біздермен ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастық туралы шешім қабылдай алады", - деп мәлімдеді "Коммеск-Өмір" басқарма төрағасы Олег Ханин.