Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - Жақын арада АХҚО-ның лицензиялаған криптобиржаларында криптовалюталарды сатып алу/сату және айырбастау мүмкіндігі пайда болады. Бұл туралы lsm.kz хабарлады.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) хабарлауынша қазіргі кезде криптобиржға банктік қызмет көрсету және NFT құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы криптобиржалардың жұмыс істеуі және цифрлық активтер айналымы үшін құқықтық жағдайлар жасалған.
"Мемлекеттік органдармен бірлесіп банктердің АХҚО жанындағы криптобиржаға банктік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосуы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, Қазақстанда жақын арада қаржы қызметтерін реттеу комитеті ресми түрде лицензиялаған криптобиржаларда криптовалюталарды сатып алу/сату және айырбастау мүмкіндігі пайда болады", – деп нақтылады орталық.
АХҚО-да, сондай-ақ, NFT-токендерді пайдалану мүмкіндігі туралы айтты.
"Авторлық құқық туралы заңнаманың жалпы ережелері NFT-токендерді пайдалана отырып іске асырылған туындыларға қолданылады", – деп түсіндірді ұйым.
Дегенмен орталық зияткерлік меншік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны заманауи технологияларға бейімдей отырып құру бойынша жұмыс істеуде.
"Ақпараттық жүйе саласындағы жаңа заңнама NFT-ді қоса алғанда, цифрлық активтерге меншік құқықтарын қорғауды көздейтін болады. Сондай-ақ, NFT таңбалауыштарын АЖ-ға меншік құқығын куәландыратын ресми цифрлық құжат ретінде тану мәселесі қарастырылуда", - деп хабарлады АХҚО.
Айта кетейік, бұған дейін
Binance бас директоры Чанпен Чжао Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді. Сол кезде Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Чжаомен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024