2016 жылдың 5 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 335,46 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 332 теңгені құрады. Максималды курс — 336,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 72 млн 900 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 136.
5 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 335,71 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 5 мамырдағы максималды курсы 335 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





