Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,96 теңгені құрады.
KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378 теңге, жабылу курсы бір долларға – 376,60 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 93 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 256.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 378,5 теңге, Алматыда – 379 теңге.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 377,26 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ұлттық Банктің 27 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,04 теңгені құрайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024