2016 жылдың 11 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,13 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 359,65 теңгені құрады. Максималды курс — 360,99 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 360 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 45 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 126. 11 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 362,23 теңге болды. Осылайша 12 ақпандағы ресми бағам - 360,31 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында доллардың 11 ақпандағы максималды курсы 362 теңге деп белгіленген. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024