2016 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 375,77 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 374,20 теңгені құрады. Максималды курс — 377,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 376 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 29 млн 400 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 55.
27 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың ресми орташа бағамы 375,49 теңге болды. Алматы және Астана қаласында айырбастау бөлімшелердінде доллар 378 теңгеден сатылуда.
27 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы 380,30 теңгені құрайды. Ал 28 қаңтарға арналған ресми АҚШ валюта бағамы — 375,49 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.