2016 жылдың 13 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 328,92 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 328,40 теңгені құрады. Максималды курс — 319,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 328,80 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 84 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 211.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойыша доллардың орташа ресми бағамы 329,11 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында 13 мамырдағы доллардың максималды курсы — 331,3 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





