Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар 3 теңгеге арзандады

Күндізгі сессияда доллар 3 теңгеге арзандады

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz – 2016 жылдың 26 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 333,13 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 332,95теңгені құрады. Максималды курс— 334 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,04 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 53 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 137.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 333,07 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында 26 мамырдағы доллардың максималды курсы — 335 теңге (Алматы уақытымен – 15:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы