Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар курсы 333,18 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар курсы 333,18 теңге болды

2016 жылдың 11 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 333,18 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 332,90 теңгені құрады. Максималды курс — 333,45 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 55 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 148.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы боыша доллардың орташа ресми бағамы 333,23 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында 11 мамырдағы доллардың максималды курсы — 334,5 теңге.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы