Экономика
Экономика1
Кувейттегі көтерілістен кейін мұнай бағасы 43 долларға төмендеді
Кувейт мұнай өндірісінің жұмысшылары 3 күнге жалғасқан наразылық шеруін аяқтағаннан кейін мұнай бағасы күрт төмендеп кетті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent мұнай бағасы 0,78 долларға дейін арзандап, баррелі 43,25 доллардан саудаланды. Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI мұнайының бағасы 0,89 долларға төмендеп, 40,19 доллар болды.
Қазір Кувейттегі мұнай өндірісі кәсіпорнының жұмысы қайта жалғасты деп хабарлады KUNA агенттігі. Елдегі мұнайшылардың қарсылық акциясының нәтижесінде қара алтын өндірісі тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін азайды. "Егер шеру жалғасқанда, мұнай жеткізудегі шығын бұдан да көп болар еді",-деді CMC Markets аға сарапшысы Рик Спунер.
Енді нарық қатысушылары 20 сәуірде кешке жариялануы керек АҚШ энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры туралы мәліметтерін күтіп отыр. Bloomberg сауалнама жүргізген сарапшылардың бағалауынша, өткен аптада мұнай қоры 3 млн баррельге дейін көбейген. Осыған дейін Америкалық мұнай инстиуты қоры 3,1 млн баррельге артық деген ақпарат таратқан еді.