Bloomberg терминалдары барлық әлем бойынша өшіп қалды. Бұл жөнінде Business Insider хабарлайды. Терминал жұмысының уақытша іркілуіне байланысты мыңдаған трейдерлер ақпараттық қолдаусыз қалып отыр. Басылымның мәлімдеуінше, нақты себептері әлі анықталмады.
Bloomberg аталған мәселенің орын алғандығын растап отыр. Business Insider-дің ақпаратына сүйенсек, көптеген тұтынушылар Reuters терминалдарына ауыса бастаған.
CNBC телеарнасының хабарлауынша, терминалдар жұма күні, мәскеу уақыты бойынша 10:20-да өшкен. The Wall Street Journal терминалдардың істен шығуы келісім-шарттарға байланысты мәселелерді туындатып отыр деп жазады.
Bloomberg терминалы — Bloomberg ақпарат агенттігінің қаржылық өнімі. Оған 3 мыңға жуық адам жазылған. Жүйеге қосылу құны бір айға 2 мың доллар. Жазылғандар нарық мәліметтеріне жедел шығуға мүмкіндік алады. Көптеген ірі қаржы компаниялары Bloomberg терминалына қосылған. Осыған ұқсас балама қызметті Reuters агенттігі де ұсынады. Ол терминал Thomson Reuters Eikon деп аталады.