БҰҰ мәліметтері бойынша, 2014 жылы дүние жүзінде құны $50 млрд 40 млн тонна электроника қалдықтары қоқысқа тасталған деп хабарлайды BBC.
"2014 жылы дүние жүзінде 40 млн тонна электронды және электротехникалық өнім қоқысқа тасталынған. Қалдықтардың 15%-на утилизация жасалған - бүл ретте, сол қоқыстардың ішінде болған пайдалы материалдардың жалпы құны 50 млрд долларға бағаланып отыр", - делінген жексенбі күні жарияланған хабарламада.
Электронды деп аталатын осындай қоқыс құрамында бағалы әрі сирек металдар бар екен, бірақ оларды шығару - көп еңбекті қажет етеді, майдагерлік жұмыс барысында улану болуы мүмкін.
БҰҰ болжамына сүйенсек, дүние жүзінде жақын арадағы үш жыл ішінде электронды және электротехникалық өнеркәсіп қалдықтарының көлемі 20%-ға артады.