Tom’s Guide сарапшылары ең жылдам смартфонды анықтау үшін 9 тест бойынша 6 үлгіні сынап көрді. "Әлемдегі ең жылдам смартфон" атағына Samsung GALAXY S6 edge ие болды деп жазады hi-tech.mail.ru.
Ол 9 тесттің 6-да бірінші орын алды. Екінші орынға барлық тестте алдыңғы қатардан көрінген LG G4 жайғасты. Ал Qualcomm Snapdragon 810 өндірісті процессорын қолданатын HTC One M9 LG және Apple iPhone 6-дан да қалып келеді. HTC өнімі тек бір ғана тестте үздік нәтижеге қол жеткізді. Google Nexus 6 және ASUS Zenfone 2 бірде-бір сынақта бәсекелестерінен озбастан, рейтингтің ең төменгі орындарына тұрақтады. Sony Xperia Z3-ті сарапшылар бұл тәжірибеге қатыстырмаған. Видеоны өңдеу VidTrim қосымшасында сынақтан өткізілді. Бұл қосымша iOS платформасында болмағандықтан iPhone тестке қатысқан жоқ. Смартфондар 204 МБ салмақтағы 1080p видео қанша минут ішінде 480p-ге айырбастай алады деген талап бойынша бәсекелесті. GALAXY S6 2:35 минутта, LG G4 4:19 минутта, Nexus 6 4:27 минутта, HTC One M9 4:48 минутта видеоны өңдеп шығарды. Zenfone 2-ге тапсырманы орындауға 5 минут қажет болды. Айта кету керек, аталған тест жаңа үлгідегі сматфондардың жылдамдықтарының қандай екендігін айқындайды. Бұдан бөлек смартфонның эстетикалық қабылдауы, көлемі және өзге де сипаттамалары да сынақтан өткізілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024