Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең берік биологиялық материал анықталды

Әлемдегі ең берік биологиялық материал анықталды

Портсмут Университетінің зерттеушілері құрылыс өнеркәсібі саласында жаңалық ашты. Ғалымдардың айтуынша, олар әлемдегі ең берік биологиялық затты анықтаған, деп жазады Royal Society журналына сілтеме бере отырып Daily Mail.

Осы уақытқа дейін ең берік табиғи материал өрмекшінің торы болып келді. Ал, енді ғалымдар бірінші орынға "теңіз табақшасы" атты ұлудың тісін қойып отыр. Өрмекші торы жібінің беріктігі 1, 3 ГПа - бұл сапалы болатпен тең келеді. Ал, ұлудың тісінің мықтылығы 4 ГПа-дан 6,5 ГПа. Осылайша, кішкентай ғана ұлудың тісі кевлар сынды мықты материалдардың өзін басып озады.

Patella vulgata ұлулары теңіз түбінде тастардан органикалық шөгінділер мен микроағзалардың қабықтарын қырып қоректенеді. Таспен қоректенетін ағза үшін мықты тіс керегі анық.

Ғалымдар "теңіз табақшасының" тісінде табиғи композитті материал барын анықтады. Темір қосындысы бар гетит минералының жіңішке жіпшелері берік әрі иілмелі ақуызды матрикске біріккен.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Похожие материалы