Банктің әрбір тұтынушы назар аударатын басты белгісі – сенімділігі мен абыройы. Нарықта неғұрлым ұзақ жұмыс істеген сайын ол банкке сенімділік те арта түседі. PaySpace Magazine редакциясы Қаншама соғыстар мен экономикалық дағдарыстарға төтеп берген әрі қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған банктер тізімін ұсынады.
Monte dei Paschi di Siena — Италия, 1472 жыл
Monte dei Paschi di Siena – осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған әлемдегі ең көне банктердің бірі. Банк 1472 жылы 27 ақпанда Сиен республикасының бас кеңесінің шешімі бойынша салынды. Тұрмысы төмен тұрғындарға аз пайыздық мөлшерлемемен қарыз беру мақсатында құрылған. 2000-нан астам бөлімшесі мен 4,5 миллионға жуық тұтынушылары бар. Банктің Палаццо Салимбени штаб-пәтерінде өнер туындыларының жиынтығы мен банкке тиесілі бірегей тарихи құжаттар сақталған.
Berenberg Bank — Германия, 1590 жыл
Германияның көне банкі. Berenberg Bank Гамбургте орналасқан. Банктің негізін қалаушылар – ағайынды Ганс пен Поль Беренбергтер. Киім сатумен және экспорт-импортпен айналысқан. Банктің құрылуы мен дамуы Гамбургтің жаңғырған мерзімімен сәйкес келді. Қала тез арада дамып, сауда және қаржылық орталығына айналғаннан кейін, компания да жылдам өсіп, капитал жинақтады. Кейінірек осы банктің негізі қаланды.
Stadsbank van Lening — Голландия, 1614 жыл
Амстердамдағы кредиттік банк 1614 жылы құрылған. Алты бөлімшеден, екі дүкеннен және аукцион үйінен тұрады. Stadsbank van Lening кепілдемеге бриллианттан, алтыннан, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды және велосипед, музыкалық аспаптар, сандық фотоаппараттарды қабылдайды. Заттар кепіл ретінде алты ай сақталады. Егер оларды қайтадан сатып алмаса, тауар аукцион үйіне лотқа қойылады. Зергерлік бұйымдар сатылымы айына бір рет, ал басқа тауарлар сатылымы екі айда бір рет болады. Ал аукционда сатылмаған заттар компанияның дүкендеріне жіберіледі.
Sveriges Riksbank – Швеция, 1668 жыл
Әлемдегі ең көне орталық банк - Швеция банкі. Құрылған кезде Мемлекеттік сословиелер банкі болып аталған (Riksens ständers bank). Кейіннен сословиелік ұйым жойылғаннан соң, 1866 жылы жаңа атқа ие болды. Қазіргі уақытта реттеуші қызметінен бөлек, Швеция банкі экономика бойынша Нобель сыйлығын берумен де айналысады.
C.Hoare & Co – Англия, 1672 жыл
Ұлыбританияның көне банкі. 1672 жылы Ричард Хор негізін салған. C.Hoare & Co қаржы институтын отбасылық мұра ретінде қарастыруға болады. Қазіргі уақытта банкті Hoare әулетінің он бірінші ұрпағы басқарып отыр.
Негізін қалаушы Ричард Хор табысты зергер еді. Өзінің жеке шеберханасы әрі қосымша қаражаты болғандықтан, тұтынушыларына қосымша несие де бере бастайды. Кейінірек C.Hoare & Co банкі жұмысын бастайды. Символы - алтын жалатылған былғары құты.
Metzler Bank – Германия, 1674 жыл
Metzler Bank - Франкфуртте штаб-пәтері бар жекеменшік банк. Германиядағы екінші көне қаржы мекемесі. 1674 жылы ашылған уақыттан бастап бүгінге дейін негізін қалаған отбасының меншігіне тиесілі.
Barclays – Англия, 1960 жыл
Barclays – әлемдегі ең ірі қаржылық мекемелердің бірі. Еуропада, АҚШ-та және Азияда өкілдіктері бар. Конгломерат операциялары Barclays Bank PLC еншілес банкі арқылы жүзеге асады. Заманауи банк 1896 жылы кішігірім лондондық және шет аймақтық банктер бірыңғай Barclays and Co. Barclays маркасымен шыға бастаған кезде салынған. Сондай-ақ Barclays - Англия футбол премьер-лигасының бас демеушісі.
Coutts – Англия, 1692 жыл
Coutts алғашында банк емес, Лондон жағажайында орналасқан шағын дүкен болған. Оның иесі зергер әрі банкир Джон Кэмпбелл. Бірақ 1712 жылы қайтыс болған соң, бизнесін отбасы мүшелеріне тапсырып кеткен. 1755 жылы Кэмпбеллдің немересі саудагер әрі банкир Джэймс Коутке тұрмысқа шықты. Одан кейін Джэймс Коут дүкен ресурстарын пайдаланып, кредиттік ұйым құрған. Сол кезден бастап банк Campbell & Coutts атымен танымал болды. Қазір Coutts толығымен Royal Bank of Scotland Group-ке тиесілі жекеменшік банк болып есептеледі.
Bank of England – Англия, 1694 жыл
Еуропалық орталық банк. Алғашында Англия үкіметіне қазынашылық ретінде ашылған. Ал қазір орталық банктің барлық қызметтерін орындап отыр. Дәл осы жерде әлемдегі ең ірі банк тонау әрекеті болды. 2006 жылы депозитарий басқарушысы сақтау орнын ашуға мәжбүр болды. Себебі ұрылар оның отбасын тұтқында ұстап отырды. Ол жерде 92,5 млн доллар сақталды.
Bank of Scotland – Шотландия, 1695 жыл
Банк 1695 жылы құрылды. Бас офисі Эдинбург қаласында орналасқан. Шотландия банкі парламент актісі бойынша, мемлекеттегі кәсіпкерлікті 21 жыл мерзімге қолдау үшін салынды. Бұл қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған Шотландия парламенті ашқан алғашқы және соңғы банк. Басында Bank of Scotland парламенттің рұқсатынсыз үкіметке кредит бере алмаған. Бұл банктің бағыты кәсіпкерлікті дамытуға арналғандығын айқындайды. Одан бөлек, Шотландия банкі мемлекетте алғаш рет өз қағаз ақшаларын басып шығара бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024