Әйгілі Global Finance қаржылық журналы әлемдегі ең сенімді банктардың тізімін жасады. Аталмыш журнал 25 жыл бойы ең үздік банктердің тізімін жасап келеді.
The Global Finace журналы Brexit-қа, Еуропадағы тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан ең қауіпсіз банктер сол Еуропа континентінде орналасқанын айтады.
Немістің әйгілі KfW банкі бесінші жыл қатарынан ең қауіпсіз банктер тізімін бастап келеді. Содан кейінгі орында Швейцариялық Zürcher Kantonalbank. Ал алғашқы үштікті толықтырып тұрған тағы да немістің Landwirtschaftliche Rentenbank-і.
Сонымен қоса үздік ондыққа Нидерландының екі банкі және Франция мен Люксембургтің бір-бір банктерінен кіреді.
Журналдың көрсеткен дерегі бойынша Азия континентінің банктері жыл өте үздіктердің қатарынан көрініп жүр. Азиядағы үздік банктерді көш бастап тұрған Сингапур елінің DBS Bank-і. Аталмыш банк жалпы тізімде 12 орынға орныққан. Сонымен қоса тағы да осы елге тиесілі OCBC банкі, Оңтүстік Кореялық Korea Development Bank, United Overseas Bank и Export-Import Bank of Korea банктері үздіктердің қатарынан көрінді.
Осы жолы Швециялық Swedbank алғаш рет тізімге ілініп, бірден 30-орынға, ал SEB банкі 44 орынға табан тіреді. Ал аталмыш тізімге бұрыннан ілініп жүрген Svenska Handelsbanken 13 орынға, Nordea 29 орынға орнықты. Айта кететін жайт соңғы аталған екі банк те Швецияға тиесілі.
Ал Америкалық U.S. Bancorp 41 орында. Американдық банктердің ішінде ең үздік көрсеткіш көрсеткен AgriBank. Ол 33 орында. Ал үздік 50 банктің қатарын Финляндиялық Pohjola деген атпен белгілі OP Corporate Bank толықтырып тұр.
Global Finance журналының редакторы Джозефа Джиарапуто үздік банктерді анықтаған саяси және экономикалық жағдайлар да ескерілгенін айтады. Мәселен, мұнай бағасының төмендеуі әсіресе Парсы шығанағындағы елдерге қатты әсер еткенін айтады. Жасалған тізімге қарап, банктердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін анықтауға болатының да ескере кетті.
- KfW (Kreditanstalt für Wiederaufbau) Германиядағы ең ірі банктердің бірі. Банктің 80% акциясы Германияның федеральді үкіметіне, ал қалған 20% Германияның федеральді жерлеріне тиесілі. Ең қызығы 2008 жылы БАҚ өкілдері KfW-ге «Германиядағы ең ақымақ банк» деген атау берген. Себебі аталмыш банк американдық Lehman Brothers банкіне банкротқа ұшырауына біреше сағат қалғанда 300 млн евро аударған.
- Zürcher Kantonalbank Швейцарияның ең ірі банкі 1870 жылы негізі қаланған. Акциясының 100%-ы Цюрихтің кантонында. Банктің барлық активтері 154 млрд франкті құрайды. Ал таза капиталы 10,4 млрд франк.
- Landwirtschaftliche Rentenbank. Банк 1949 жылы құрылған. Бүгінде Германияның агробизнесін дамытатын агенттік ретінде жұмыс істейді. Алғашқы капиталы немістің ауылшаруашылығы және орман ісіне қарайтын бөлімінің көмегімен қалыптасқан. Сондықтан банк қаражаты тек ауыл шаруашылығының дамуына жұмсалатынын ескере кеткен жөн.
- L-Bank (Landeskreditbank Baden-Württemberg) L-Bank 1998 жылы құрылған. Германиядағы ең ірі банктердің ішіде 20 орынға ие. 2015 жылдың 31-желтоқсанында активтерінің жалпы саны 7,3 млрд еуроны құраған.
- Bank Nederlandse Gemeenten (BNG) Нидерландыдағы ең ірі банктердің бірі. Іргесі 1914 жылы қаланған. Банктің ерекшелігі жеке клиенттерді қабылдамайды. Аталмыш банк мамандандырылған голландық мемлекеттік қаржылық иститут. Оның клиенттері тек жергілікті билік мекемелері, сонымен қоса денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық қызмет көрсету мекемлері.
- Nederlandse Waterschapsbank. Банк 1954 жылы құрылған. 100% мемлекетке тиесілі. Банктің негізгі қызметі – мемлекеттік секторды қаржыландыру. Nederlandse Waterschapsbank алдыңғы жылы 1 млрд еуроға «жасыл облигацияларды» шығарған. Жиналған қаржы су тасқынынан зардап шеккендерге, су ресерстарын қалпына келтіруге және тазалауға жұмсалған.
- NRW.BANK Банк 2002 жылы құрылған. Германияның Федералды банкімен және Германияның қаржы басқармасының Федералды басқармасымен қаралады. Қаржы иституты үлкендігі бойынша Германиядағы екінші даму банкі. 2001 жылы Мюнстер қаласынан 160 метрлік көшені 140 мың еуроға сатып алған. Көшені қайта қалпына келтіруге жалпы алғанда 250 мың еуро жұмсайтындарын айтқан.
- Banque et Caisse d'Epargne de l'Etat 1856 жылы құрылған жинақ банкі. Люксембургтегі көлемі бойынша үшінші банк. Сонымен қоса ішкі капиталы бар ең ірісі. Елдегі ең ертеден келе жатқан банктердің бірі.
- Caisse des Dépôts et Consignations. 1816 жылы құрылған Францияның даму банкі. Француздық парламент қарауында. CDC инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландырып, зейнетақы қорын басқарады. CDC басқаруында 20,2 млрд еуро бар. 2008 жылы банк 200 жылда алғаш рет шығынға ұшырағандарын хабарлаған.
- Toronto-Dominion Bank Toronto-Dominion Bank екі банктің қосылуы арқылы құрылды. Олар Bank of Toronto (1855 жыл) және Dominion Bank (1869 жыл). Банк TD Bank Group құрамына кіреді. Сонымен қоса Солтүстік Америкадағы банктердің үздік ондығына кіреді. Банк 2014 жылы өз клиенттеріне ерекше алғыс білдірді. Олар өздерінің бөлімшелеріне рахмет айтатын, сөйлесетін және келушілердің тілектерін орындайтын машиналарды орналастырды. Мысалы бір банкомат бір келушіге Тринидадқа билет сыйлады. Айта кететін жайт келуші билетті өзінің ауру қызына ұшып бару үшін сұраған. Сонымен қоса бейсбол жақсы көретін тағы бір жолы болғыш спорттық киім, матчқа билет сыйға алып, сүйікті ойыншыларымен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
Адина АНАРБЕК «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024