Осымен үшінші жыл қатарынан жапондық Toyota маркасы әлемдегі ең қымбат автокөлік бренді ретінде танылып отыр. Десе де, бір жыл ішінде брендтің бағасы 2 пайызға түсіп кеткен.
Millward Brown компаниясының бағалауы бойынша, Toyota маркасының бағасы 28, 913 млрд долларды құрады. Аталған баға 2014 жылдың есебінен 2 пайызға аз. Осы көрсеткіш арқылы Toyota үшінші рет әлемдегі қымбат көлік маркаларының көшін бастап тұр.
Мәртебелі екінші орында бавариялық BMW тұр. Оның бағасы 26, 349 млрд долларға бағаланған. Өткен жылмен салыстырғанда 2 пайыз қосылған. Үшінші орынды да неміс маркасы иеленген. "Қола" - Mersedes-Benz автокөлігінде. Бағасы - 21, 786 млрд доллар (+1 пайыз). Он қымбат көліктердің жалпы құны 2015 жылы 3 пайызға өскен.
Ең қымбат автокөліктердің ондығы:
1. Toyota — 28,913 миллиард доллар
2. BMW — 26,349 миллиард доллар
3. Mercedes-Benz — 21,786 миллиард доллар
4. Honda — 13,332 миллиард доллар
5. Ford — 13,106 миллиард доллар
6. Nissan — 11,411 миллиард доллар
7. Audi — 10,127 миллиард доллар
8. Volkswagen — 9,283 миллиард доллар
9. Land Rover — 4,987 миллиард доллар
10. Lexus — 4,329 миллиард доллар
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024