Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең қымбат валюталар

Әлемдегі ең қымбат валюталар

Жалпы ең қымбат валюта десе, еске бірден доллар түседі. Бірақ әлемде доллардан да қымбат валюталар бар. Аталмыш валюталарға мұнайлы Шығыс елдері бай. 

Кувейттік динар

[caption id="attachment_60441" align="alignnone" width="600"] Фото:tourprom.ru[/caption]

Бұл валютаның жоғары құны тікелей мемлекеттің әлемдік нарықтағы мұнай экспортымен байланысты. Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. Тарихына жүгінсек 1961 жылы үндінің рупиясын алмастырған. Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 16,200$. Валютаның белгісі – KWD.

1 KWD = 912,45 KZT

1 KWD = 178,42 RUB

1 KWD = 3,31 USD

Бахрейндік динар

[caption id="attachment_60442" align="alignnone" width="600"] Фото:tourprom.ru[/caption]

 Құндылығы бойынша әлемдегі екінші валюта. Бахрейн шамамен 1 миллион халқы бар Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет. Бахрейн туралы қызықты дерек – мемлекет динары долларға байланған, сондай-ақ соңғы 14 жылда долларға қатысты құны өзгермеген. 1966-1973 жылдар аралығында БАӘ-нің ұлттық валютасы болған. Кейіннен оны дирхам валютасы алмастырды. 1965 жылы бахрейндік динар айналымға енгізілген. АҚШ долларына 1987 жылдан бері тәуелді. Валютаның белгісі – BHD.

1 BHD = 730,78 KZT

1 BHD = 142,80 RUB

1 BHD = 2,65 USD

Омандық риал

[caption id="attachment_60443" align="alignnone" width="628"] Фото:e-allmoney.ru[/caption]

Бұл валюта Оман мемлекетінің ұлттық ақшасы. Оман мемлекеті өте қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібі бар ел. Мұнайдан түсетін пайданың мөлшері жылына 6-8 млрд долларды құрайды. Бір қызығы, ақша қағазының бір бетінде жазу ағылшын тілінде жазылса, екінші бетінде араб тілінде. Ал монеталарында жазу тек араб тілінде. Адам басына шаққандағы ұлттық табыс шамамен 8690 АҚШ долларына тең. Валютаның белгісі – OMR.

1 OMR = 716,03 KZT

1 OMR = 139,91 RUB

1 OMR = 2,59 USD

Британдық фунт

[caption id="attachment_60444" align="alignnone" width="600"] Фото:tourprom.ru[/caption]

 Ұлыбританияның валюта бірлігі. Бұл елдің фунты XVIII-XIX ғасырларда әлемдік резерв ретінде пайдаланылған. Ұлыбританиядағы жекеленген аумақтардағы банктер банкноттарды өз дизайндарымен шығарады. Заң бойынша бұл шығарылған валюталар Ұлыбританияның барлық банктерінде қолданылады. Валютаның белгісі – GBR.

1 GBR = 419 KZT

1 GBR = 85,18 RUB

1 GBR = 1,58 USD

Иордания динары

[caption id="attachment_60445" align="alignnone" width="600"] Фото:tourprom.ru[/caption]

 Иорданияның ұлттық ақшасы. Ақша қағазында және монеталарында корольдік одақ белгіленген. Мұнда да омандық риал секілді жазу ағылшын және араб тілдерінде жазылған. 1949 жылы динар Палестин фунтының орнына келген. Негізінен Иордания әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашар дамыған мемлекет. Ел экономикасы кредиттер мен сырттан келетін көмекке тәуелді. Валютаның белгісі – JOD.

1 JOD = 388,87 KZT

1 JOD = 76,11 RUB

1 JOD = 1,41 USD

Еуропалық еуро

[caption id="attachment_60446" align="alignnone" width="600"] Фото:pro-ts.ru[/caption]

 Танымал валюталардың бірі. 2006 жылы айналым ішінде 610 млрд еуроны құраған. Сол кезде әлемнің барлық бұрышында жақсы қолданысқа ие болып, АҚШ долларын да басып озды. Валютаның белгісі – EUR.

1 EUR = 313,51 KZT

1 EUR = 61,32 RUB

1 EUR = 1,14 USD

Швейцария франкі

[caption id="attachment_60447" align="alignnone" width="600"] Фото:tourprom.ru[/caption]

 Швейцария – дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Швейцария банкілерінің сейфтерінде әлемдегі бүкіл дамыған мемлекеттердің валютасы мен барлық құнды қағаздары жатыр. Бұл мемлекет дүние жүзінде капиталды сырттан тартудан алғашқы орындарды иемденеді. Валютаның белгісі – CHF.

1 CHF = 283,75 KZT

1 CHF = 58,58 RUB

1 CHF = 1,09 USD

АҚШ доллары

[caption id="attachment_60448" align="alignnone" width="912"] Фото:Эксперт[/caption]

Әлемдік резервтік валюта. Ақша шығару құқығы АҚШ-та Орталық банк қызметтерін іске асыратын Федералдық резервтік жүйесіне тиесілі. Бұл валютаның бірқатар елдерде үлкен мәртебесі бар. Әлемдік сауданың 80 пайызынан астамы АҚШ долларымен есептеледі. Bloomberg агенттігінің деректері бойынша, SWIFT банкаралық айналым жүйесінде 2013 жыл мен 2014 жылдың аралығында доллардың үлесі 42 пайызды құраған. АҚШ-тың барлық федералдық банкноталары 1861 жылдан шыға бастаған. Осы күнге дейін заңды түрде төлем қызметін атқарады. Белгіленуі: $ немесе USD.

Талшын ӨТЕПОВА "7"

Похожие материалы