Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең көп сатылатын автокөліктер: Toyota Corolla Tesla Model 3-ті басып озды

Әлемдегі ең көп сатылатын автокөліктер: Toyota Corolla Tesla Model 3-ті басып озды

Әлем. 9 маусым. 7kun.kz – Toyota Corolla 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп сатылған автокөлік болды. Үш айда  275 мың данасы сатылды, бірақ сатылым бір жылда 12,9%-ға төмендеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Focus2move аналитикалық агенттігінің мәліметінше, Tesla Model 3 бір жылда бірден жеті позицияға көтеріліп, екінші орынға ие болды. 256 мың автокөлік сатылып, 130,9%-ға өсті. Үшінші орын Toyota RAV4 кроссоверіне бұйырды, оның сатылымы 16,2%-ға төмендеп, 224 мың дананы құрады.

Төртінші орынды американдық Ford F-Series пикаптары иеленді, олардың сатылымы 27,5%-ға азайып, 173 000 көлікті құрады. Бесінші орынға 169 мың сатып алушы таңдаған Honda CR-V кроссовері жайғасты, оның сатылымы бір жыл бұрынғыдан 18,3%-ға аз.

Сатылымы 5,3% - ға ұлғайып, 161 мың бірлікті құраған Toyota Camry алтыншы орынды иеленді. Одан кейін Tesla Model S электр седаны (159 мың бірлік, +2960,3%), Toyota Hilux пикабы (145 мың бірлік, +4,3%), Tesla Model Y электрокроссовері (136 мың бірлік, +162,9%) және Chevrolet Silverado пикабы, оның сатылуы 7,2% - ға, 135 мың бірлікке дейін қысқарды.

Похожие материалы