Жауын-шашын мөлшерінің қажетті мөлшерде түсуіне байланысты 1 сәуірден басталатын ауыл шаруашылық маусымында Индонезиядағы кофе түсімі рекорды көрсеткіш орнатуы мүмкін деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Бәтуаластық болжамына байланысты кофе өндірісі 18% -ға ұлғайып, 650 мың тоннаны құрайды. 2009-2010 және 2012-2013 жылдардағы шама 630 мың тонна көлемінде белгіленген еді.
Индонезия робуст сұрыпын өндіруден әлемде үшінші орынды иеленеді. Бұл сұрыпты көбінде Nescafe таңбасымен еріткіш кофе шығаратын Nestle SA компаниясы қолданады.
Осы орайда робус сортын өндіретін Вьетнамдағы егін түсімі де көбеюі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл әлемдік баға көрсеткішіне әсер етеді.
Айта кетейік, соңғы айда робуст кофесінің бағамы 11% -ға азайып, осы аптаның басында тоннасына 1855 долларды құрады. Ал арабика сұрыпының бағасы 10% -ға төмендеп кетті.





