Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі жалғыз ғарыштық мемлекет туралы білесіз бе?

Әлемдегі жалғыз ғарыштық мемлекет туралы білесіз бе?

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Әлемде жалғыз ғарыштық мемлекет бар. Асгардия деп аталатын мелекеттің негізін 2016 жылдың 12 қазанында ресейлік ғалым Игорь Ашурбейли қалады.

Бұл қызық мемлекет «Асгардия-1» спутнигінде орналасқан. Қазірдің өзінде асгардтық атанып, азаматтығын алуға екі жүз мың адам өтініш беріп үлгерген. Олардың арасында әлемнің барлық елдерінен азаматтар бар.

Ғарыштық мемлекеттің конституциясы, туы, әнұраны, тіпті SOLAR атты криптовалютасы бар. Толыққанды территориясы бар ғарыштық мемлекет атану үшін ғарышқа ступник ұшырған.

Мемлекет аты - скандинавиялық мифтердегі Асгард қаласының құрметіне қойылған. Басқару формасы -конституциялық монархия.

Игорь Ашурбейлинің айтуынша оның мақсаты қазір жер бетінде бар мемлекеттерден тәуелсіз ғарыштық мемлекет құрып, ұлт қалыптастыру.

Похожие материалы