Алюминий нарығында өзгерістер орын алды. "РусАл" БК әлемдік алюминий өндірушілердің арасында екінші орынға төмендеді деп мәлімдейді британдық CRU зерттеу компаниясы.
Бірінші орынды 2013 жылдан бастап 5-орын иеленіп келе жатқан China Hongqiao Group Ltd. кәсіпорыны иеленді. Hongqiao 2014 жылы өндіріс қуаттылығын 3 млн тоннадан 4 млн тоннаға дейін кеңейткен еді.
Жалпы өткен жылдың үздіктері тізіміне бірден қытайлық 5 компания енген, бірақ Aluminum Corp. of China 2-орыннан 5-орынға төмендеді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша ондықтың тізімін яқтаған, әлемдегі алпауыт кен өндіруші концерн ВHP Billiton тізімнен шығып қалды.
"РусАл" 2014 жылы қуаттылығын 800 мың тоннаға дейін төмендетті. Компанияның стратегия, бизнесті дамыту және қаржылай нарық бойынша директоры Олег Мухамедшин апта ортасында өндірісті тағы да қысқартатындықтарын мәлімдеді.





