Дағдарыс - әлем экономикасы үшін жиі кездесетін жағдай емес. Дегенмен кез келген экономикалық күйзеліс мемлекетті соның ыңғайына қарай әрекет етуге мәжбүрлейді. Мемлекеттердегі қиындықтар бір-біріне ықпал етіп, әлемдегі экономикалық күйзелістің туындауына себеп болады. Ал әлем бойынша бір-біріне ықпал еткен ең ірі дағдарыстар қай жылдары болды? Бұл туралы 7kun.kz толығырақ жазады.
1857–1858 жыл. Әлемдегі алғашқы экономикалық дағдарыс
1857 жылдың күзінде АҚШ-тың қор нарығындағы баға белгіленімі құлдырады. Мұның себебі - темір жол акцияларының алыпсатарлыққа ұшырауы және осыдан кейінгі америкалық банк жүйесінің күйреуі. Дәл осы жылы америкалық компаниялардың акцияларына инвестиция салып отырған Англия билігі де дағдарысқа ұшырады. Осыдан соң күйзеліс Германияға келіп жетті.
1849 жылдан бастап АҚШ-тың экономикасы өте жылдам дамиды. Банктер кәсіпкерлікті қаржыландыруға кірісті. Алайда астық тұқымының бағасы құлдырауы несие алғандардардың қарыздарын төлеуіне мүмкіндік берген жоқ. Халық арасында дүрбелең туып, жан сақтау үшін ұрлыққа бару жиі кездесті. Огайо штатындағы провинциялық банктің қазынашысы ақшаны жымқыру себепті банк өзін банкрот деп жариялады. Жарты ай ішінде 200 банк жабылған. Несиелендіру саясаты тоқтатылды. Ал қаржыны тек 100 пайыз жылдық есеппен алуға болатын еді.
1857 жылдың 13 қазанынан бастап халық өз салымдарын алып, банкноттарды алтынға айырбастай бастады. Вексельдердің барлығы қолма-қол ақшаға айналдырылды. Таңертең ғана өз міндеттерін орындап, ақша таратып отырған Нью-Йорк банкі жұмыс күні аяқталғанда банкрот болды. Қор биржасында акция курстары құлдырады. Америкадан кейін Англия банктері де банкрот болды. Тоқыма және авто өндірісі тоқырауға ұшырады. Ал 1957 жылдың желтоқсан айында дағдарыс Германияға келіп жетті.
Нәтижесі: Дегенмен дағдарыс уақыты тым ұзаққа барған жоқ. 1958 жылы америка билігі қалпына келе бастады. Банкрот болған кәсіпорындар орнына басқа компаниялар келді. Англия бастапқы кезде жағдайды қайта қаржыландыру бойынша шешуді қолға алғанмен, кейін банкноттар эмиссиясы жолын таңдады. Ал Германияны дағдарыстан несиені күміспен беру арқылы Австрия құтқарып қалды.
1873–1896 жыл. Ұзақ мерзімді депрессия
1873 жылдың мамыр айында Венаның қор биржасында баға құлдырауының әсерінен ұзақ уақытқа созылған тарихи қаржылық дағдарыс басталды. Себебі - Австро-Венгрия мен Германия елінде жылжымайтын мүлік нарығының қарқынды өсуі. Құрылыс жүргізушілерге көптеп несие берілді. Біра олардың көпшілігі есепсіз төленбей жатты. Осылайша Еуропада басталған күйзеліс АҚШ-қа, одан соң Ресей еліне жетті.
ХІХ ғасырдың соңында Аустро-Венгрия, Германия және Фрнция билігі құрылысы үшін мөлшерлемені арттырды. Нысанды салушыларға несие беретін банктер ашылды. Алғашқы ипотека қағазы да осы жылы пайда болды. ҚҰрылыс компаниялардың қарыздары көбейе бастады. Артынша, жылжымайтын мүлік бағасы көтеріліп, 1873 жылдың 9 мамырында Венаның қор биржасы құлады. Соңынан Амстердам мен Цюрих нарығы құдырады. Осыдан соң Еуропа биржаларында дүрбелең болып, германиялық банктер америкалықтарға берген қарыз мерзімін ұзартудан бас тартты. Сөйтіп, дағдарыс АҚШ-қа қадам басты.
1873 жылдың қыркүйегінде америкалық теміржол девелопері, инвестициялық Jay Cooke & Co. компаниясы қарызын өтей алған жоқ. Баға белгіленімі құлдыраған соң, Нью-Йорктің қор орталығы жабылды. Орта және шағын бизнестер үшін несие берілмейтін болды. Жұмыссыздық деңгейі 25-30 пайызға жетті.
Нәтижесі: Алайда бұл дағдарыстан да құтылуға мүмкіндік туды. Қаржы дағдарысынан шығуда америкалық ірі банкирлердің бірі Дж.П.Морганның әсері көп болған деседі. Ол АҚШ-тың қаржы министрлігіне 62 млн доллар алтын жеткізген. Бұл қарыздардан құтылуға көмектеседі. Осыдан соң біртіндеп корпорациялар ашыла бастайды. Бірнеше жыл өткен соң Edison General Electric Company-ны құрады. 1896 жылы АҚШ-тың алғашқы Dow Jones Industrial Average индексі тарихқа енеді.
1907 жылғы Ұлы дүрбелең
Бірнеше сарапшылардың сөзінше, осы жылы тарихтағы ең үлкен дағдарыс орын алады. Күйзеліс бірден 9 мемлекетке әсер етеді. Себебі - Англия банкі өздерінің алтын резервтерін толытыру мақсатында есеп мөлшерлемесін 1906 жылы 3,5%-дан 6%-ға көтереді. Сондай-ақ, Сан-Францискода болған жер сілкінісі әсерінен жылжымайтын мүлікті сақтандыру келісім-шарттары бойынша қаржы төлемі 1906 жылы Ұлыбританияның қаражатының шетелге кетуіне себепші болды. Осы себепті де Англия есеп мөлшерлемесін екі есе арттырды.
1907 жылы Нью-Йорктың қор нарығы күйреп, күйзеліс 6 айға созылды. Тоғыз ай ішінде Dow Jones Industrial Average индексі 40%-ға дейін төмендеді. Дағдарыстың әсерінен коммерциялық компаниялар зардап шеге бастады. Халық банк жүйесін қолдануды шеттетті. Осының салдарынан банк секторы банкротқа ұшырады. Қаржы институттарындағы қаржы жетіспеушілігі мемлекеттегі дағдарысқа алып келді.
[caption id="attachment_32960" align="alignnone" width="699"] profi-forex.org[/caption]Қаржы министрлігі мемлекетті дағдарыстн шығаруға қауқары жетпей, АҚШ президенті Теодор Рузвельт министрлік арқылы елдегі ең ірі қаржы олигархы Джон Пирпонт Морганнан көмек сұрады. Ол банктерге 10 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 25 млн доллар көлемінде қаржы берді. Сондй-ақ, ірі акциялардан бас тартуды ұсынды. 1907 жылдың желтоқсан айында нарықтағы жағдай реттеле бастады.
Нәтижесі: 25 банк пен 17 трест банкрот болды; Штаттағы жұмыссыздар саны 8%-ға артты. Ұлыбритания мен АҚШ-та өндіріс көлемі 15% және 6%-ға қысқарды; 1913 жылы АҚШ-та орталық банк - Федералды резервті жүйе құрылды.
1929-1933 жыл. Ұлы күйзеліс
Ұлы күйзеліс 1929 жылы басталып, 1933 жылға дейін созылды. Осыған дейінгідей ұлы держава АҚШ-та басталды. Әдетте "Ұлы күйзеліс" термині Америкаға ғана қатысты қолданылады, өзге елдерде әлемдік дағдарыс деп есептеледі.
Merrill, Lynch & Co сынды танымал инвестициялық компаниялардың иесі Чарльз Меррилл өзінің клиенттерінен жоғарғы бағаны ұсына отырып акцияларды сатуды ұсынады. Себебі ол елдегі дағдарыс болатынын білген еді. 1929 жылдың қазан айында Нью-Йорк қор биржасында үлкен өзгерістер орын алып, акция курсы құлдырады. Бұл күн тариха "қара бейсенбі" деп аталды. АҚШ Президенті Герберт Гувер халыққа жодау жасап, биржадағы жағдайды экономикалық мәселе емес, техникалық себеп деп түсіндірді.
[caption id="attachment_32966" align="aligncenter" width="600"] kryaker.dwg.ru[/caption]Шалва Куртишвили атты жазушының мақаласында берілген мәлімет бойынша, Нью-Йорк қор биржасындағы акциялардың баға белгіленімі 1 қыркүйекте 9 млрд долларға тең болған. 1932 бұл сан 16 млдр долларға жетеді. Акция иелері 74 млрд доллар көлемінде шығын шегеді. Соңғы сан дүнижүзілік соғыс кезінде екі есе өсті. Американың ұлттық кірісі 1929 жылдан 1933 жылға дейін 87,8 млрд доллардан 40,2 млрд долларға төмендейді. 135 мыңға жуық кәсіпорындар мен қаржы компаниялары шығынға ұшырайды. Тіпті бірде-бір кішігірім орындардың өзі бұл дағдарыстан айналып шыға алмайды.
Дағдарыс жұмыссыздар санының артуына әкелді. 1932 жылдың басында Герберт Гувер жағдайды алдын алу үшін бағдарлама ұйымдастырмақ болады. Алайда бұдан еш нәтиже болмайды. 1933 жылғы есеп бойынша жұмысқа қабілетті халықтың 17%-ы жұмыссыз қалды.
Нәтижесі:
Үш жыл ішінде 4835 банк банкрот болды; АҚШ-тың өзінде ғана 109 фирма тарап кетті; Елдегі жұмыссыздардың саны 35 млн адамға жетті; Өндіріс белсенділігі АҚШ-та 46%-ға, Ұлыбританияда 24%-ға, в Германияда 41%-ға, Францияда 32%-ға қысқарды.
1973-1975 жыл. Энергетикалық дағдарыс
1973 жылы әлемде алғаш рет энергетикалық дағдарыс орын алды. Бұған ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін азайтуы әсер етті. Мұнай өндіруші елдер қара алтынды аз мөлшерде өндіру арқылы әлемдік нарықта бағаны өсіруге тырысты. 1973 жылдың 16 қазанында мұнай бағасы барреліне 3 доллардан 5 долларға дейн өсті. 1974 жылы баға 12 долларға жетті.
АҚШ, Англия, Германия, Жапония және Батыс Еуропа елдерін жайлаған экономикалық дағдарыс басталды. Мұны экономистер 1929-1933 жылдардағы "Ұлы күйзеліспен" салыстырды.
[caption id="attachment_32973" align="aligncenter" width="575"] cfin.ru[/caption]АҚШ-та банкрот болған банктер саны 1974 жылы 1973 жылмен салыстырғанда 6%-ға, Жапонияда - 42%, Германияда - на 40%, Ұлыбританияда - 47%, Францияда - 27%-ға өсті. Салдарынан қаржы саласында, несие нарығында көптеген биржалық күйреу орын алды. 1974 жылғы дағдарыс коммерциялық банктерге 2 млрд доллар көлемінде шығын әкелді.
Нәтижесі: 1973 жылы болған мұнай дағдарысы алғашқы энергетикалық дағдарыс болды; Штатта өздерінің жеке мүліктері мен үйлерін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың банкрот болу туралы заң шығарылды; 1974-1975 жылдары АҚШ-тың 21 мыңға жуық ірі және орта компаниясы банкрот болды.
2007-2009 жыл. Ұлы тоқырау
2007 жылдың жазында басталған әлемдік дағдарыс "Ұлы тоқырау" деп аталды. Бұл АҚШ-тың ипотекалық тұрғын үй нарығындағы үлкен күйзелістен басталды. Ал 2008 жылдың көктемінде дағдарыс әлемнің барлық елінде орын алды.
2008 жылы АҚШ-тың тұрғын үй нарығы жеке бағасының 18 пайызын жоғалтып, 11,2 трлн долларға тең болды. Нарықтың мұндай дәрежеге жетуі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі орын алған алғашқы жағдай еді. Федералды резервті жүйе үй шаруашылығын арнайы бақылауға алды.
2008 жылдың күзінде америкалық Lehman Brothers банкі қарызға батып сотқа өздерінің банкрот болғаны және кредит берушілерден қорғау туралы өтініш жіберді. Осыдан соң Merrill Lynch және Morgan Stanley банкрот болғаны туралы жария етті.
АҚШ банктерін қолдау мақсатында басқа да еуропалық банктер дағдарысқа тап болды. Ұлыбритания билігі Royal Bank of Scotland (RBC) және Lloyds банктерін акция пакеттерін сатып алу арқылы қаржы институттарды қайта қаржыландырды. Ал 2009 жылы үкімет қарамағына басқа банк жүйелері өтті. Осылайша, басқа да еуропалық мемлекеттер елдің экономикасы мен қаржы институттарына көмектесу үшін бағдарламалар енгізді.
Осыған қарамастан дағдарыс барлық елдерге әсер етті. 2008 жылдың қараша айында Жапония, артынша Канада ресми түрде рецессияны мойындады. Мұнай бағасы 147 доллардан 40 долларға түсті. Әлемдік баға құлдыраған соң дағдарыс Орталық және ШЫғыс Еуропа елдерін және бұрынғы КСРО елдерін жайлады.
Нәтижесі: 2008 жылы штатта 25 банк банкрот болып олардың активтері банк салымдарын сақтандырудың федералды корпорациясына (FDIC) өтті, 2009 жылы 140 банк күйреді; Америкадағы дағдарыс әсерінен корпорацияларға көмектесу үшін 4,62 трлн доллар қаржы жұмсалды.
2015 - ?
2015 жылы басталған дағдарыс кезеңін көптеген сарапшылар 2008 жылмен салыстырады. Өткен жылдың басында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард мұнай бағасының төмендеуі және АҚШ-тағы өсімнің жоғарылауы әлемдік экономика келешегін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін айтқан еді.
«Көптеген елдер әлі де қаржылық дағдарыспен қоса өте көп мөлшерде қарыздану және жұмыссыздықты бастан өткеруде. Көптеген компаниялар және үй шаруашылығы болашаққа алаңдағандықтан инвестиция мен тұтынуды қысқартып жатыр», — деген ол 2015 жылдың қаңтарында Вашингтонда өткен халықаралық қатынастар Кеңесінде.
Кристин Лагардтың болжамы бойынша, геосаяси қауіптер болады. "Украинадағы жағдайларға қолдау көрсететін Халықаралық валюта қорынан қосымша халықаралық көмек керек. Осыған байланысты, ынталандырушы монетарлық саясатты сақтау маңызды. Ал, оның нормализациясы экономикалық өсім мен жұмысбастылық ара-қатынасында орнықты болуға тиіс"-деп атап өткен К.Лагард.
Сонымен, Кристин Лагардтың жоғарыда айтылған болжамдары дәл келді деуге болады. Мұнай бағасы төмендеді, Қытайдың қор нарығы құлдырады, АҚШ ФРЖ мөлшерлемесін 0 пайыздан 0,25 пайызға көтерді. Мұнай өндіруші державаларда мұнай өндірісі артты. АҚШ пен Еуроодақ елдерінен бөлек мемлекеттерде геосаяси шиеленістер туындады.
2015 жылы басталған дағдарыс әлі шегіне жеткен жоқ. Бұл дағдарыстың енді қаншаға созылатыны да әзірге белгісіз.
Себептері: 1. Қор нарығындағы "көпіршік кеңістік". Соңғы уақытта қор нарығы тым жақсы көрсеткішке жетіп жүрді. Сарапшылардың сөзінше, белгілі бір уақытта бұл көпіршік жарылып кетуі мүмкін.
2. Қытайдың банк секторы. Дағдарыс Қытайдағы көлеңкелі банк секторының өсуіне себепке болуы мүмкін. Бұл сектор тіпті мемлекеттік институттарға да жоғары пайызбен несие береді. Егер олар дефолтқа ұшыраса, әлемдік экономикаға да әсер етпей қоймайды.
3. Энергетикалық дағдарыс. Егер АҚШ газ экспорттай бастаса, Ресей мұхиттың ар жағынан қауіп сезіп, геосаяси жағдайды одан әрі шиеленістіре түспек. Ал энергетика саласында басымдылыққа ие болған АҚШ Ұлыбритания мен Үндістанды, Жапонияны өз жағына тарта бастайды. Мұның барлығы геосаяси жағдайдың ушығып кетуіне себеп болады.
4. Тұрғын-үй нарығындағы "көпіршік кеңістік". Бұл саладағы көпіршіктің ұлғая түсу қаупі Бразилия, Қытай, Канада және Германия елдерінде бар. Аталған елдердегі несиенің қолжетімділігінен баға шарықтап, нақты құнынан да тым көбейіп кетті.
5. Компаниялардың үлесі және рейтинг. Компанияларда қарыздың тым көп болғандығы сондай, ВВВ рейтингі қалыпты деп танылды. АҚШ-та ААА рейтингісіндегі 3 компания ғана қалды: ExxonMobil, Microsoft және Johnson&Johnson. Егер рейтингтер кәсіпорындардың банкроттыққа қаншалықты жақын екендігін аңғартатын болса, жаппай дефолт күтуге болады.
6. Соғыс. Қазір АҚШ пен Еуроодақтан бөлек барлық аймақта геосаяси шиеленіс арта түсті. Ал Қрымның айналасындағы тәрізді жағдайлар нарықтың құлдырауына да себеп болады.
7. Кедейліктің өсуі. Кедейлер одан әрі кедейлене түскен сайын, әлеуметтік жағдай ушыға түсуі мүмкін.
8. Қолма-қол ақша және гиперинфляция. Орталық банктер мен корпорациялардағы қолма-қол ақшаның тым көп болуы экономикаға зиянын тигізеді. Еуропалық Орталық банк қайтадан өздеріне салу үшін қаржы инстиуттарына қарызға ақша беруін жалғастыруда. Мұндай тұйық шеңбердің әсерінен Google Ирландияның бақылау акцияларын, ал "Майкрсофт" Сингапурдың 50 пайызын сатып алатындай дәрежеге жетуі мүмкін.
Фото: novser.livejournal.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024