Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Әлемнің 40-тан астам қалалары жаңартылатын энергетикаға толығымен ауысты. 100-ге жуық қала таза энергия көздерімен электр энергиясына деген сұранымның 70 пайызын қамтамасыз етеді. Париж келісіміне қол қойылған сәттен бастап, көмірқышқыл газ шығарындыларын азайту бойынша жұмыс істейтін қалалар саны 308-ден 572-ге дейін өсті. Бұл туралы Fast Company мәлімдеді.
70 пайыз жаңартылатын көздерге ауыстырылған АҚШ қалаларының тізіміне Сиетл, Юджин және Аспен кіреді. Берлингтон таза энергияға толық көшті. Атланта мен Сан-Диего қалаларын да қамту мақсаттарында бар.
Қоршаған ортаны ластайтын қалаларды таза энергияға көшіру, климаттың өзгеруіне қарсы күреске қосқан үлкен үлес болғалы тұр.
Еуропада 2030 жылға қарай CO2 шығарындыларына рұқсаттар тоннасына 31 еуроны құрайтын болады. Бұл қазіргімен салыстырғанда үш есеге көп.
Басылымның жазуынша, көмір электр станцияларын жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес жаңғыртуға қарағанда, оларды жабу тиімдірек болады. Себебі, Еуроодақ пен Ұлыбританияның барлық көмір электр станциялары келесі он жылда шығын әкелетіні анық.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024