
Қандай да бір ел болмасын, алдымен өз қорғанысын қамтамасыз етуге ұмтылады. Мейлі, шағын болсын, мейлі үлкен болсын, әутеуір бір қару түрін ойлап табуға тырысады. Өйткені, 20-ғасырдың соңында басталып, қазірге дейін созылып келе жатқан геосаяси оқиғалар тізбегі осыған итермелейді. Қош, сонымен әлемде ең қауіпті деп танылған қарудың 7 түрін назарларыңызға ұсынамыз.
Күйдіргі оқ-дәрі
Бұл оқтың тарихы сонау 19-ғасырдан басталады. Сол кезеңде қолданылып жүрген оқ-дәрінің әсері әлсіз болатын. Оқ тиіп жараланған адам тез айығып, қатарға қосылатын. Әрине, сол кездегі әскери қимылдарға қатысып жүрген елдер үшін бұл тиімсіз еді. 1870-жылдары британдық Невилл Бэрти-Клэй есімді офицер бұл мәселені шешкендей болды. Ол оқтың ұшын арамен кесіп, гүл тәрізді жапырақшалар бейнесінде жасайды да, әскери қимылдарда сынап көреді. Нәтижесі жаға ұстатарлық еді: оқ тиіп, жараланған қарсыластың жауынгерлері не мүгедек болып қалды, не қиналып өлетін. Денені тескен оқ жан-жағын күйдіріп жібереді немесе сүйекті қақ бөлетін еді. Алайда бұл жаңалық ұзаққа бармады. Адам өмірін басты құндылық деп білетін бірқатар елдерде бұл оқ-дәріні қолдануға қатаң тиым салынды. Бұл тыйым қазір де өз күшінде. Тек, кей елдерде полицейлік тұтқындау операциясы кезінде ғана қолданылады.
Вакуум бомбасы
Ресейде ойлап табылған. Жаппай қырып-жоятын қару түріне жататын бұл бомба өте төмен температурада (11 градус) қайнатылған пропилен немесе этилен тотығынан тұрады. Бомбаның білтесі тұтанған кезде аэрозольды бұлт пайда болады да, оттегімен әрекеттесіп, жарылыс іске асады. Жарылыс қуаты - 44 тонна тротилдің күшіне тең. Қазіргі кездегі аса қуатты әрі қауіпті қару түрлеріне жатады. Ядролық қару түріне жатпағандықтан, қолдануға аса қатаң тыйым салынбаған. Кезінде осы бомба орыс-шешен соғысында кең көлемде қолданылған деген де сыбыс бар. [caption id="" align="alignnone" width="640"]
Фосфор бомбасы немесе напалм
Америка-Вьетнам соғысында қолданылған жанғыш бомбалардың бір түрі. Құрамында фосфор немесе түрлі қоспалары бар қоюлатылған бензині бар бұл бомба жарылғанда, нысана температурасы 800-1600 градусқа дейін қызып, металл конструкцияларды балқытып жібереді. Сумен де өшіруге келмейтін бұл "отшашу" бомбасын американдықтар вьетнамдық партизандармен соғыс кезінде ормандарды өртеуге пайдаланған. 1980 жылы бұл қару түріне де тыйым салынды. [caption id="" align="alignnone" width="700"]
Атом бомбасы
Атом бомбасы дегенде, есімізге ең бірінші, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған Американың атом бомбалары түседі. 20-ғасырдың екінші жартысында басталған жаппай қарулану кезеңінде АҚШ пен КСРО бір-бірінен асып түсуге тырысты. 1945 жылы 16-шілдеде АҚШ Аломогордо шөлінде алғаш рет плутоний негізіндегі атом бомбасын сынақтан өткізді. Бір айдан соң жоғарыда айтып өткеніміздей Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастады. Жарылыс салдарынан, Хиросимада 80 мың, Нагасаки қаласында 40 мың бейбіт тұрғын қаза болды. Жүздеген мыңы радиациямен уланып, өмірлерінің соңына дейін жарымжан болып қалды. [caption id="" align="alignnone" width="600"]


Сутегі бомбасы
1963-жылдың 16-қаңтарында КСРО басшысы Никита Хрущев адамзат тарихындағы аса қуатты жаңа қарудың жасалғанын әлемге мақтанышпен мәлімдеді. 100 мегатонналық бұл "патша-бомба" КСРО аумағындағы Жаңа Жер аталатын аймақта сынақтан өткен еді. 4200 метр биіктікте жарылған бомбаның ядролық "саңырауқұлағы" 67 км биіктікке көтерілді. Жарылыс радиусы 4,6 км-ді құрап, жарылыс аумағынан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан радиобайланыс желілері 40 минут бойы істемей тұрды. Жарылыс аумағындағы температураның жоғарылығы соншалық, сынақ полигонындағы тастар күлге айналған. [caption id="" align="alignnone" width="600"]

Химиялық қару
Қарудың бұл түрін 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Белгияның Ипр қаласының түбінде француз армиясына қарсы неміс әскерлері қолданған. Арнайы баллондардан шыққан хлор бұлтынан 15 мыңдай адам уланып, 5 мыңы қаза табады. Кейін бұл қару түрін Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония көп қолданды. Қытаймен арадағы текетіресте жапон бомбалаушылары Қытайдың Воцюй қаласына 1000 химиялық снаряд тастайды. Кейін Динсянь қаласына тағы да, 2500 химиялық тастап, нәтижесінде әскерилер мен бейбіт тұрғындарды қосқанда 50 мың адам қаза болады. Химиялық қаруды Жапония соғыстың аяғына дейін пайдаланды. [caption id="" align="alignnone" width="600"]

Биологиялық қару
Биологиялық қару - аса қауіпті ауру түрлерін ойлап тауып, оны қарсыластардың аумағына тарату. Биологиялық қаруды біздің заманымызға дейінгі 1500-жылда ежелгі хэттер жауларына қарсы пайдаланған. Қарудың күшін түсіне білген олар аса қауіпті аурудан өлген адамның мәйітін қарсылас тараптың қамалына тастап кетіп отырған. Қазіргі таңда биологиялық қарудың кең тараған әрі аса қауіпті түрі - Сібір жарасы. 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ сенатының кеңселеріне ақ ұнтақ салынған конверттер келе бастады. Ел ішінде конверттегі ұнтақ сібір жарасының қоздырғышы екен деген сыбыс жайылады. 22 адам тексеруден өтіп, бесеуі қайтыс болды. Бұдан кейін де Қытайда "белгісіз өкпе қабынуы", "құс тұмауы", Мексикада "доңыз тұмауы", Оңтүстік Африкада "эбола безгегі" эпидемиялары таралса, биылғы соңғы жартыжылдықта Оңтүстік Кореяда тағы бір "белгісіз тұмау" түрі пайда болды. [caption id="" align="alignnone" width="600"]
Дайындаған Айбек Емберген "7"