Экономика
Выбор редактора
Әлемнің ірі банктері валюта курсымен айлы-шарғы жасады деп айыпталуда
Әлемнің ірі банктері валюта курсымен айлы-шарғы жасады деп айыпталып отыр. Қазір олар 5,6 млрд доллар көлемінде . Бұл туралы The Financial Times жазады.
9 қаржылай құрылым (олардың арасында Goldman Sachs, Bank of America, HSBC, Royal Bank of Scotland) Forex нарығындағы айлы-шарғылардан қаржыларын жоғалтқан инвесторлар тобының шағымына жауап ретінде 2 млрд доллар төлеу туралы шешім қабылады. Басылымының мәліметінше, банктер алдағы уақытта зардап шегушілермен серіктесуге уәделескен. Шағым Нью-Йорк сотына жіберілген еді.
Осыған дейін, 20 мамырда америкалық JPMorgan және Citigroup, британдық Barclays, шотландық Royal Bank of Scotland және швейцариялық UBS деген ірі халықаралық бес банк валюта нарығындағы айлы-шарғыға қатысқандарын мойындады. Оар жалпы көлемі 5,6 млрд доллар айыппұл төлеулері қажет. Қаржы АҚШ-тың әділет департаментіне, Федералды қорға, Нью-Йорктың қаржы қызметі бойынша департаментіне және британдық қаржылай нарықтағы бақылау басқармасына жіберіледі.
Ал 2014 жылдың қарашасында америкалық билік Bank of America, Citigroup және JPMorgan-ға валюта нарығындағы "қауіпті тәжірибелері" үшін миллиард долларға жуық айыппұл салған еді. Сондай-ақ, Citigroup, JPMorgan, UBS, RBS және HSBC валюта курсымен заңға қайшы операциялар жасағаны үшін еуропалық реттеуішке 3,3 млрд доллар төледі.