Ресей мен Украина келіссөздерінің барлық тарап бойынша ілгерілеуі аясында әлемдік экономикада нығаю серпіні байқалуда, деп хабарлайды 7kun.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының серпіні келесідей қалыптасты:
- Ресей рублі Ресей-Украина келіссөздеріндегі ілгерілеу, РФ-ның газ жеткізіліміне рубльмен ақы төлеу талабын енгізу және РФ Орталық банкінің капиталды әкетуге шектеу қоюы аясында 16,5%-ға (102,29-дан 85,42-ге дейін) нығайды;
- Бразилия реалы сырттан әкелінген шетелдік капиталдың әсерімен 1,7%-ға (4,74-тен 4,66-ға дейін) нығайды;
- түрік лирасы С. Кавчиоглының қаржы жүйесін лираландыру арқылы бағаны тұрақтандыруға тырысатыны туралы сөйлеген сөзінен соң 1%-ға (14,84-тен 14,69-ға дейін) нығайды;
- Мексика песосы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің төмендеуінен 0,9%-ға (20,03-тен 19,85-ке дейін) нығайды;
- үнді рупиясы мұнай бағасы төмен белгіленгендіктен 0,6%-ға (76,21-ден 75,79-ға дейін) нығайды;
- Индонезия рупиясы көрсеткіштердің 2-4% нысаналы аралықта болуына қарамастан, инфляцияның екі жылдық ең жоғары шегіне (тұтыну бағасы 2,64%-ға ұлғайды) дейін қарқын алуы аясында 0,2%-ға (14346-дан 14370-ке дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды Қаржы министрі Е. Годонгванның стратегиялық мұнай қорларын сату есебінен отын бағасын кезең-кезеңімен көтеру мақсатында отынға салынатын жалпы салықты төмендету (бір литр үшін 1,5 рандқа) туралы мәлімдемесі аясында 0,8%-ға (14,54-тен 14,66-ға дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ, АҚШ-тың стратегиялық қордан тәулігіне 1 млн баррель мұнай жібергісі келетіні, сондай-ақ ұңғымалар санын көбейту туралы мәлімдемесінен кейін мұнай теріс серпін көрсетуін жалғастыруда.
Айта кетейік, Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 4,4%-ға (494,16 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 472,56 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбіне оң болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024