Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

LG G4 смартфонының таныстырылымы сәуірдің аяғына жоспарланып отыр

LG G4 смартфонының таныстырылымы сәуірдің аяғына жоспарланып отыр

Оңтүстік Кореялық  LG компаниясы өзінің кезекті G4 атты смартфонын 28-29 сәуір күні таныстырады.

Таныстырылым әлемнің бірнеше елдерінде болады. Соның ішінде: Нью-Йорк, Лондон, Париж, еул, Сингапур мен Стамбулда. Шақырту қағаздарында See the Great. Feel the Great ("Ұлы нәрсені көріп, ұлы нәрсені сезін") деп жазылған.

Осыған дейін ғаламторда смартфонның түрі қандай болуы мүмкін деген сұрақтың төңірегінде біраз шулаған еді. Қалыбы осыған дейін шыққан G3 смартфонын еске түсіреді. Дауыс шығару және бұғаттау батырмалары бұрынғыдай құрылғының артқы жағында орналасқан. Сонымен бірге, смартфонда Android 5.0.2 операциялыұ жүйесі орнатылуы мүмкін.

Батыстық БАҚ болса, G4 будет 5,5 дюймдік QHD-дисплеймен жабдықталады. Qualcomm Snapdragon 808 атты дисплей, 3 гигабайт жедел жад және файлдарды сақтау үшін 32 гигабайт жад беріледі. Негізгі камерасы 16 мегапиксель, алдыңғы камерасы - 8 мегапиксель болады деп күтілуде.

 

Похожие материалы