"Қазіргі макроэкономикалық жағдайдағы қиындықтар банк секторына әсер етпей қоймады. Жинақталған қорлардың азаюы мен оның бағасының өсуі, тұтынушылар сұранысының азаюы мен тиімді жобалардың жетіспеушілігінен банктердің экномиканың нақты секторына кредит беруі бәсеңдеп кетті. Әсіресе, қазіргі таңда бұл мәселе өршіп тұр. Себебі бұрынғы проблемалардың көпшілігі шешілмеген күйде қалып қойған", - деді Ақышев.
Оның сөзінше, қазіргі проблемаларды шешпей жатып, банктер экономикаға кредит бере алмайды. "Осы нарықтың мүшелері үшін банк секторын сауықтыру процессі жағымсыз аяқталатынын түсінеміз. Себебі бұл акционерлер тарапынан қосымша қаражат жұмсауды талап етеді немесе басқа ойыншылармен бірігуіне тура келеді", - дейді еліміздің бас банкирі.
"...реттеуші банктердің белгілі-бір тұлғалармен және жеңілдік беру арқылы жасалатын келісімшарттарын бағалауды қатайтады"
"Қазір Ұлттық банк белгілі-бір банктен ақша әкетіліп жатқанын біліп тұрса да, бірақ заң бұзылмаса ештеңе істей алмайды. Бұл салымшылардың жинағын қорғау үшін өте қажет", - деді Ұлттық банктің басшысы.
Бұдан бөлек, "Реттеуші банктердің белгілі-бір тұлғалармен және жеңілдік беру арқылы жасалатын келісімшарттарын бағалауды қатайтады", - деді бас банкир.
"Жақын арада Үкіметке аудиторлардың жауапкершілігін арттыру туралы және банктің қаржылық жағдайы төмендегенін жасырған бағалаушылардың қаржы нарығындағы қызметін тоқтату жайлы ұсыныс жібереміз", - деді Ақышев.
Басқарма басшысының айтуынша, Ұлттық банктің банктерді біріктіру процесі мен банк капиталын мәжбүрлі түрде қайта құру жолындағы мандатын заң жүзінде күшейту қажет. Ұлттық банк жақын арада заңнамалық өзгертулер пакетін жасап, Үкіметке ұсынатын болады.
Қорытынды сөзінде Данияр Ақышев "банк секторын сауықтыру барысында 2017 жылы банк активтерін тәуелсіз бағалау процесі жүргізілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, ірі банктерді мемлекеттік қордың есебінен акционерлермен ортақтасып, банктерді докапиталдандыру бағдарламасы енгізілу ұсынылады.
"Экономикадағы барлық теңгенің көлемін білдіретін М2 көрсеткіші бір жарым есеге, яғни 4 трлн теңгеге көбейіп, 12,6 трлн теңгеге жетті", - деді Ұлттық банк басшысы. Яғни экономикадағы барлық ақша көлемінің ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 45% - бұл ел тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.
12 пайыздық мөлшерлеме экономикаға әсер ететін нақты құрал болды
Данияр Ақышев "Қазіргі 12% деген базалық мөлшерлеме - экономикаға әсер еткен нақты инструмент. Банктерде ақша құнына байланысты белгілі бір бағыт пайда болды. Өтімділікті басқару құралдарына ие болып, теңге қорларының потенциалын арттырып жатыр", - деді.
Қаржы реттеушінің басшысы теңгемен берілетін кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі бір жыл ішінде 25,8%-дан 14,4%-ға жеткенін де еске салды.
Данияр Талғатұлының айтуынша, ақша нарығын халықтың байқап отыруы қиын, бірақ қаржы секторында шешуші рөл атқарады. Себебі дәл осы нарықта Ұлттық банктің құралдары арқылы теңгелік ресурстардың шынайы бағасы айқындалады.