Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк несие рейтингінің төмендеуі валюта бағамына кері әсерін тигізбейді дейді

Ұлттық банк несие рейтингінің төмендеуі валюта бағамына кері әсерін тигізбейді дейді

Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингінің төмендеуі валюта бағамына кері әсерін тигізбейді деп санайды Ұлттық банктың Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры Жасұлан Мәдиев.

"Ұлттық банк несие рейтингінің төмендеуі валюта бағамына тура зиян тигізбейді деп күтеді, себебі аталған рейтинг инвестициялық аймаққа қатысты болып отыр, ал оның төмендеуі банк секторынан, жалпы елден капиталдың жаппай сыртқа кетуін білдірмейді", - деді Жасұлан Мәдиев.

Оның сөзіне қарағанда, рейтингтің төмендеуі болжанған екен.

Жасұлан Мәдиев өткен жылдың қараша-желтоқсанында Ұлттық банктың үкіметпен бірлесе отырып несие рейтингін сақтап қалу бойынша іс-шаралар жүргізгенін еске салды. Алайда, содан кейін болған оқиғалар, жекелей алғанда мұнай бағасының түсуі, елдің несие рейтингіне кері әсерін тигізді.

Осыған дейін халықаралық Standard & Poor’s рейтинг агенттігінің Қазақстан Республикасының шетелдік және жергілікті валютадағы ұзақмерзімді тәуелсіз несие рейтингін ВВB-ға дейін түсіргені туралы хабарланған болатын.

Похожие материалы