Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Келімбетовтың қызметінен кететіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ұлттық банк Келімбетовтың қызметінен кететіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ұлттық банктің баспасөз қызметі төраға Қайрат Келімбетовтың қызметінен кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Хабарламада Ұлттық банктің әдеттегі режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылған. "Төраға Қайрат Келімбетов қазіргі таңда Астана басқармасы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің отырысына қатысып жатыр", - дейді баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетсек, Бас банктің басшылығы ауысады деген ақпаратты бірқатар БАҚ жария еткен еді. Төраға қызметінен кететін болса, басшылыққа Болат Жәмішев немесе Григорий Марченко келуі мүмкін деп жазады Kaztag.kz

Похожие материалы