Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк криптовалютаны ұсынатын ұйымдардың қауіпті екенін ескертті

Ұлттық банк криптовалютаны ұсынатын ұйымдардың қауіпті екенін ескертті

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz - ҚР Ұлттық Банкі қазіргі уақытта Қазақстанда криптовалюталарды пайдалана отырып халыққа инвестициялық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс істейтіндігін және олардың қауіпті екенін ескертті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл ұйымдар қазақстандықтарға криптовалюталарды сатып алу мақсатында қолма-қол ақша енгізу жолымен, сол сияқты қолма-қол ақшасыз тәртіппен Интернет желісі арқылы олардың бағдарламаларына қатысуды ұсынады. Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюталар бойынша жеке тұлға клиенттерге қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді (тым артық пайыздар) уәде етеді. Жоғары сыйақылар айналымдағы ақшаның болуын қамтамасыз ете отырып, қатысушылардың айтарлықтай санын және жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банктің мәліметінше, ақша айналымы (ағыны) тоқтатылған немесе жетіспеген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады.

"Криптовалюталардың ресми ақша бірлігіне не өзге де нақты активтерге байланысы, сондай-ақ тиісті қамтамасыз етуі және оларға қызмет көрсету операциялары бойынша заң тұрғысынан жауапты субъектілерге қатысы жоқ. Бұдан басқа, криптовалюталардың айналыс процесі орталықтандырылмаған және оны реттеу мүмкіндігі жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте осы ұйымдардың пайдасына ақша енгізген қатысушылардың салынған ақшаны қайтаруының құқықтық кепілдіктері жоқ, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл ұйымға кіру және жеке тұлғалардың ақша енгізуі ерікті негізде жүзеге асырылады және ол қандай да болмасын құжаттандырылған рәсімдермен бекітілмейді.

Осыған байланысты ҚР Ұлттық Банкі жоғарыда көрсетілген ұйымдардың қызметі банк тарапынан реттелуге жатпайтынын атап өтті.

Похожие материалы