Экономика
Авто
Ұлттық банк жеке тұлғалардың валютадағы депозиті бойынша мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасындағы жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлемесін барынша төмендету туралы мәселені талқылап жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк дедолларизацияны жалғастыру мақсатында ұсынылған мөлшерлемені төмендету туралы сұрақ қаралып жатқанын айтты.Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдан бастап шетел валютасындағы депозиттерге сыйақы ретінде мөлшерлеме төмендетіледі. 2016 жылдың қаңтар-ақпанында олар максимал деңгейде болса (2,7%-2,9%), 2017 жылдың сәуірінде 2 пайызды құрады.
Қазіргі уақытта «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) ұсынған сыйақы түріндегі максималды мөлшерлеме жылына - 14 пайыз. Ал шетел валютасындағы мөлшерлеме - 2 пайыз.
Айта кетейік, ҚДКБҚ (Қазақстан Ұлттық банкінің еншілес ұйымы) - банк секторындағы тұрақтылықты қолдау үшін құрылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024