Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк жеке тұлғалардың валютадағы депозиті бойынша мөлшерлемені төмендетуі мүмкін

Ұлттық банк жеке тұлғалардың валютадағы депозиті бойынша мөлшерлемені төмендетуі мүмкін

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасындағы жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлемесін барынша төмендету туралы мәселені талқылап жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк дедолларизацияны жалғастыру мақсатында ұсынылған мөлшерлемені төмендету туралы сұрақ қаралып жатқанын айтты.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдан бастап шетел валютасындағы депозиттерге сыйақы ретінде мөлшерлеме төмендетіледі. 2016 жылдың қаңтар-ақпанында олар максимал деңгейде болса (2,7%-2,9%), 2017 жылдың сәуірінде 2 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) ұсынған сыйақы түріндегі максималды мөлшерлеме жылына - 14 пайыз. Ал шетел валютасындағы мөлшерлеме - 2 пайыз.

Айта кетейік, ҚДКБҚ (Қазақстан Ұлттық банкінің еншілес ұйымы) - банк секторындағы тұрақтылықты қолдау үшін құрылған.

Похожие материалы