Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы маусымда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 30,6 млрд АҚШ долларына дейін 0,5%-ға немесе 157,2 млн АҚШ долларына төмендеді (жыл басынан бері 0,6%-ға немесе 181,4 млн АҚШ долларына төмендеді).
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,1 млрд АҚШ долл.) қоса алғанда, 2018 жылғы маусымның соңында 88,7 млрд АҚШ долл. болды.
Үкіметтің шоттарына валютаның түсуі және банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен бейтараптандырылды.
Ақша базасы маусымда 19,8%-ға кеңейді және 5 734,2 млрд теңге (жыл басынан бері 3,5%-ға немесе 195,4 млрд теңгеге кеңейді) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 015,2 млрд теңгеге дейін 11,2%-ға (тарылуы – 2,9% немесе 147 млрд теңге) кеңейді.
Маусымдағы ақша массасы алдын ала деректер бойынша 3,9%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 2,3%-ға ұлғайды) және 19 908,2 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 059,0 млрд теңгеге дейін 6,1%-ға (5,8%) ұлғайды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024