Ұлттық экономика министрлігі бизнес инфрақұрылымына 10 млрд теңге бөледі
Астана. 25 шілде. 7kun.kz - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында Ұлттық қордан кәсіпорындар инфрақұрылымына млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
Министрдің сөзінше, қаржыландыру жоспарының І жартыжылдықтағы қорытындысына сәйкес, Ұлттық қордан шағын және орта бизнес (ШОБ) жобаларына 306,3 млн теңге қарастырылған.
"2017 жылы ШОБ-те жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу үшін 10 млрд теңге қарастырылды. Осы қаражат арқылы 22 ШОБ жобасын қаржыландыру жоспарланып отыр. Олар: тамақ өндірісі, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, құрылыс материалдарын шығару, фармацевтикалық өнімдер мен жиһаз жасау салалары", - деп атап өтті ол.
Сүлейменовтың айтуынша, қазіргі уақытта 297,6 млн теңге игерілді. Қаражаттың қалған бөлігі шілдеде - 1,1 млрд теңге, тамызда - 1,5 млрд теңге, қыркүйекте - 1,3 млрд теңге, қазанда - 2,3 млрд теңге және қарашада - 3,8 млрд теңгесі игеріледі.
"Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 6,3 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды. 22 жобаны іске қосу арқылы 500 млрд теңге инвестиция тарта аламыз", - деді Ұлттық экономика министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024