Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрлігі бизнес инфрақұрылымына 10 млрд теңге бөледі

Ұлттық экономика министрлігі бизнес инфрақұрылымына 10 млрд теңге бөледі

Астана. 25 шілде. 7kun.kz - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында Ұлттық қордан кәсіпорындар инфрақұрылымына  млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.

Министрдің сөзінше, қаржыландыру жоспарының І жартыжылдықтағы қорытындысына сәйкес, Ұлттық қордан шағын және орта бизнес  (ШОБ) жобаларына 306,3 млн теңге қарастырылған.

"2017 жылы ШОБ-те жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу үшін 10 млрд теңге қарастырылды. Осы қаражат арқылы 22 ШОБ жобасын қаржыландыру жоспарланып отыр. Олар: тамақ өндірісі, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, құрылыс материалдарын шығару, фармацевтикалық өнімдер мен жиһаз жасау салалары", - деп атап өтті ол.

Сүлейменовтың айтуынша, қазіргі уақытта 297,6 млн теңге  игерілді. Қаражаттың қалған бөлігі шілдеде - 1,1 млрд теңге, тамызда - 1,5 млрд теңге, қыркүйекте - 1,3 млрд теңге, қазанда - 2,3 млрд теңге және қарашада - 3,8 млрд теңгесі игеріледі.

"Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 6,3 млрд теңгенің келісіміне қол қойылды. 22 жобаны іске қосу арқылы 500 млрд теңге инвестиция тарта аламыз", - деді Ұлттық экономика министрі.

Похожие материалы