Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық компаниялар банктерден көбірек қарыз алып жатыр

Ұлттық компаниялар банктерден көбірек қарыз алып жатыр

ҚР-ның ұлттық компаниялары банктен несие алуын жалғастыруда. Олардың қарыздары бір жыл ішінде 5 есе ұлғайған. Бұл туралы ranking.kz  порталы хабарлады. 

Портал сарапшыларының ақпаратынша, 2015 жылдың бірінші жартысында ұлттық компаниялардың банктегі несиелері рекордтық көрсеткіш  2,6 триллион теңгеге жеткен. Ал жылдың екінші жартысында қарыз көлемі 503,3 миллард теңгеге артқан.  Сарапшылар 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында ұлттық компаниялардың банктерден несие алуы көбейді деп  түсіндірді. Олардың айтуынша,  егер 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында банк алдындағы берешек 2,3 есеге өссе, онда келесі жартыжылдықта 4,4 есеге өседі. Мамандар ұлттық компаниялардың несиелік құрылымында банк қарыздарының үлесі көп деген шешім шығарды. Айта кету керек, берешек уақытылы қайтарылып жатыр. Ұлттық компаниялардың қаржы статистикасында банктегі несиені мерзімінде өтей алмады деген ешқандай нұсқау жоқ. 

Похожие материалы