Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 59,4 млрд долларды құрады

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 59,4 млрд долларды құрады
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz -  2018 жылдың ақпан айында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 0,3 пайызға өсіп, 31,4 млрд долларды құрады.  Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 2018 жылғы ақпанның соңында 90,8 млрд АҚШ доллары болды. Оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 59,4 млрд долларды құрады. Үкіметтің және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізумен бейтараптандырылды. Оның үстіне, банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар азайды. Ақша базасы ақпанда 6,0 пайызға тарылып, 4 893,7 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4 584,4 млрд теңгеге дейін 2,7 пайызға тарылды. Ақпандағы ақша массасы 1,3 пайызға төмендеді және 18 692,8 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 1 794,5 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Похожие материалы