Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 11 шілдедегі доллардың орташа бағамы 342,45 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 342,24 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 342,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 342,40 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 34 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 65.
Ақша айырбастау орындарында 11 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 344 теңгені құраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024