Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк 2019 жылға арналған ағымдағы шоттың төлем балансы бойынша болжам жасады

Ұлттық банк 2019 жылға арналған ағымдағы шоттың төлем балансы бойынша болжам жасады

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР-ның Ұлттық Банкі төлем балансының ағымдағы шотының 2018-2019 жылдарға арналған болжамын ұсынды. Болжамдарға сәйкес, мұнай өндірудің күтілетін көлемі 2018 жылы 90 млн. тоннаны және 2019 жылы 91 млн. тоннаны құрайды.

 Ұлттық Банктің хабарлауынша, болжамды қайта қарау 2018 жылғы 10 айдағы нақты деректердің шығуына және Қашаған кен орнындағы 2019 жылғы көктемде күтілетін жөндеуге байланысты. Қазіргі таңда болжамның базалық сценарийі Brent маркалы мұнайдың 2018 жылғы желтоқсаннан бастап бір баррель үшін бағасы $60 болып табылады.

"Қазақстанда ағымдағы шоттың сальдосы сауда балансының және кірістер балансының серпінімен айқындалады. Көрсетілетін қызметтер балансының серпіні тұрақты және оның ағымдағы шоттың көрсеткіштеріне әсері шектелген (1-график). 2018 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың жай-күйінің ІЖӨ-нің (-)1,2%-і деңгейіне (алдыңғы болжам – ІЖӨ-нің (-)2,3%-ы) дейін жақсаруы күтіледі. 2019 жылы дефицит мұнайдың орташа жылдық бағасының төмен болуы және өткен болжамдық раундпен салыстырғанда өндірудің барынша төмен көлемі есебінен ІЖӨ-нің (-)3,9%-на (алдыңғы болжам – ІЖӨ-нің (-)3,8%) дейін ұлғаяды" , - делінген Ұлттық Банктің хабарламасында.

Тауарлар экспортында 2018 жылы мұнайдың неғұрлым жоғары орташа жылдық бағасы 60,4 млрд долларға (22,2%) дейін  өседі. Ал, 2019 жылы бағаның сценарийлік төмендеуіне байланысты 55.1 млрд долларға (8,8%) дейін  төмендеуі күтіледі.

Тауар импорты  2018 жылы 34,4 млрд долларға  және келесі жылы 36 млрд долларға дейін өседі. Импорттың өсу қарқынының алдыңғы болжамдармен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы болжамның бастапқы жорамалдарының өзгеруімен байланысты.

Сонымен қатар, болжамды кезеңде кірістер балансы тапшылығының осы  жылы (-)23,6 млрд долларға, ал 2019 жылы (-)22 млрд долларға дейін ұлғаюы күтіледі.

Похожие материалы