Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 11 қаңтардан 18 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.
18 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,7%-ға әлсіреп (376,06-дан), 378,66 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 11 қаңтардан 18 қаңтар аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Қытайдағы тауарайналымының баяулауы, желтоқсан айында мұнай өндірудің күрт қысқаруы туралы ОПЕК-тің есебін жариялау, РФ ОБ-нің бюджеттік қағида аясында ішкі нарықта шетел валютасын сатып алу көлемін мәлімдеуі, Ұлыбритания Парламентінің ЕО-дан шығу бойынша Тереза Мэй ұсынған келісімді қабылдаудан бас тартуы және оның сенімсіздік білдіру туралы дауыс берудегі жеңісі, Америка әкімшілігінің Қытайдан әкелінетін тауарларға баждарды алып тастауы ықтималдылығы туралы қарама-қайшы жаңалықтар болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
Түрік лирасы инфляцияның баялауына қарамастан, Түркия ОБ-нің қатарынан үшінші рет негізгі мөлшерлемені сақтап тұруы аясында 2,4%-ға (5,46-дан 5,33-ке дейін) нығайды;
Ресей рублі федералдық қарыз облигацияларын орналастыру және мұнай бағасын бір баррель үшін $60 жоғары белгілеуі бойынша Қаржы министрлігінің сәтті аукциондарының аясында 1,1%-ға (66,89-дан 66,18-ге дейін) нығайды;
Мексика песосы $2 млрд сомаға еурооблигацияларды орналастыру аясында 0,2%-ға (19,14-тен 19,10-ға дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка рэнді 13,84-13,85 аралығында саудаланды. ОБ негізгі мөлшерлемені 6,75%-дық деңгейде сақтап қалды және 2021 жылдың соңына дейін бір ретке дейін көтеру арқылы ақша-кредит саясатын қатаңдату бойынша болжамды жеңілдетті (өткен болжамдағы 2020 жылдың соңына дейін үш көтерумен салыстырғанда);
Индонезия рупиясыОБ-нің негізгі мөлшерлемені 6%-ық деңгейде сақтап тұруы аясында 0,9%-ға (14 048 -ден 14 178- ге дейін) әлсіреді;
Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуі және желтоқсанда инфляцияның баялауы аясында 1%-ға (70,50-ден 71,19-ға дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы мемлекеттік шығыстарды қысқартуға бағытталған зейнетақы жүйесіндегі реформалар туралы таяу уақытта заң жобасын қабылдау туралы хабарға қарамастан, 1,1%-ға (3,71-ден 3,75-ке дейін) әлсіреді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024