Қазақстанда соңғы кезде жылжымайтын мүлік және банктік қызмет көрсету саласындағы алаяқтық көбейіп кетті. ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қаскүнемдерден ақша мен мүлікті қалай қорғау керектігі туралы айтты.
Төмен бағаларға сенбеңіз
Жалған сатушылар жылжымайтын мүлікті және автомобильдерді төмендетілген бағамен сату туралы хабарландыруларды жиі орналастырады. Мұндай ұсыныстар сатып алушыларды қызықтырады. Бірақ сатушыға қоңырау шалған кезде, ол өзін шетелдік компанияның қызметкері ретінде таныстырады, Қазақстаннан жұмыс бойынша шұғыл кетіп қалғанын айтып, туысының картасына алдын ала төлемді жіберуді ұсынады. Аударым жасалғаннан кейін "сатушы" транзакцияны тексеру үшін реквизиттеріңізді айтуды сұрайды. Ал шын мәнінде, бұл мәліметтерді білгеннен кейін, алаяқтар өздерінің атына қаражат аударуға мүмкіндік алады. Сондықтан, қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
- тым төмен бағадан сақтаныңыз;
- сатушыны және тауарды тексермей алдын ала төлем жібермеңіз;
- құпия ақпаратты хабарламаңыз: паспорт деректері, аударым деректемелері (әсіресе құпия кодты).
Жеке деректерді бейтаныс адамдармен бөліспеңіз
Алаяқтар сатушыларға да жиі хабарласып, алдын ала төлем жасауға дайын екендерін жеткізеді. Осылайша, бухгалтер немесе компания директоры болып танысып, жеке деректемелерді сұрайды: ЖСН, карта тіркелген телефон нөмірін, банк картасының нөмірін, ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірін. Сатушы қажет мәлеметтерді бергеннен кезде алаяқтар ақша аударымын аяқтау үшін телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберілген кодты айтуды өтінеді. Кодты білгеннен кейін, алаяқтар интернет-банкингке қол жеткізе алады, баптаулардағы телефон нөмірін өзгертіп, шоттардан ақша алады. Мұндай қылмыстар, әсіресе, интернетте сату кезінде болады, себебі онда сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынастар бақыланбайды. Кез келген тауарларды сайттарда сатқанда қарапайым ережелерді сақтаңыз:
- Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.
- Төлем картасының деректемелерін: 16 таңбалы нөмірін, иесінің атын, әрекет ету мерзімін, CVV/CVC-код-ты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) ғаламторда жібермеңіз және жарияламаңыз.
- Авторландыру және операцияларды растау үшін ешкімге, тіпті банк қызметкерлеріне SMS-кодтарды хабарламаңыз.
- Банк карталарын үшінші тұлғаларға, соның ішінде кафеде немесе мейрамханада шот төлеу үшін бермеңіз.
- Егер карта жоғалған болса, оны бірден бұғаттап, барлық операцияларды тоқтатыңыз. Ол үшін банктің жедел желі телефонына қоңырау шалыңыз. Шоттарды оқшаулау үшін жақын жердегі бөлімшеге бару керек.
- Банк қызметкерлері ешқашан клиентке карта және алынған хабарламалар туралы мәліметтерді ұсыну талабымен қоңырау шалмайды. Бұл мәселелер бойынша қызмет клиент бастамасы бойынша ғана өтуі тиіс.
- Егер сіз интернет арқылы қызметтерді төлесеңіз және тауарларды сатып алсаңыз, күдікті электрондық хаттарды ашпаңыз және белгісіз сілтемелер бойынша өтпеңіз.
- Телефоныңызға шоттағы барлық өзгерістер мен жасалған транзакциялар туралы ақпарат келуі үшін мобильді банк қызметін қосыңыз. Осылайша сіз күдікті транзакцияларды жылдам бақылай аласыз.
Телефон қауіпсіздігін қадағалаңыз
Егер смартфонды жоғалтып алсаңыз немесе ол ұрланған болса, алдымен call-орталыққа немесе банктің жақын орналасқан бөлімшесіне немесе интернет-банкинг арқылы шотты бұғаттаңыз. Телефон нөмірін ұялы оператор арқылы бұғаттаңыз. Алаяқтар ұрланған телефон нөмірі бойынша интернет-банкингте тіркеліп немесе банктің белгіленген қосымшасына кіріп, сіздің шоттарыңыздан ақша ала алады немесе төлем жасай алады. Қосымша қауіпсіздік үшін мобильді банкинг жүйесіне кіруге жеке кодты немесе саусақ ізі бойынша авторландыруды орнатыңыз.
Шынымен, банк қызметкерімен сөйлесіп отырғаныңызды тексеріңіз
Соңғыы кездері алаяқтықтың жаңа түрі кең етек алды. Жәбірленушіге банктің жалған қызметкері қоңырау шалып, карта бойынша күдікті операциялар табылғанын хабарлайды. Олар бірқатар деректемелерді: ЖСН, карта тіркелген телефон нөмірін, банк картасының нөмірін, ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірін айтуды сұрайды. Клиент деректемелерді көрсеткенде, алаяқтар оның нөміріне жіберілген SMS-хабарламадағы кодты хабарлауды немесе оны телефонда үндік режимде теруді сұрайды. Зиянкестер бұл әрекеттердің барлығы клиент қауіпсіздігі үшін қажетт екенін айтып, сендіреді. Алайда, кодты алғаннан кейін олар клиенттің интернет-банкингіндегі телефон нөмірін өзгертіп, шоттардан ақша шығарады.
Егер сізге осындай өтінішпен хабарласса, байланысты үзіп, қоңыраудың шын мәнінде сол жерден түскенін анықтау үшін банкке қайта қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ, жақын жердегі бөлімшеге барып, есеп-шотқа шабуыл жасалғаны туралы өтініш жазыңыз.
Алаяқтар хабарласты деп күдіктенсеңіз, банктермен келесі телефондар арқылы байланысыңыз:
- Halyk Bank Kazakhstan (байланыс орталығының тегін нөмірі 7111, +7 727 259 0777);
- Jýsan Bank (байланыс орталығының тегін нөмірі 7711);
- Сбербанк Қазақстан (байланыс орталығының тегін нөмірі 5030);
- Kaspi.kz (байланыс орталығының тегін нөмірі 9999);
- АТФБанк (WhatsApp: +7 705 776 8862 немесе байланыс орталығының тегін нөмірі 2424);
- ЦентрКредит Банкі (WhatsApp: +7 778 092 93 01, + 7 778 092 93 02 немесе байланыс орталығының тегін нөмірі 505);
- ForteBank (WhatsApp: +7 777 008 7575 немесе байланыс орталығының тегін нөмірі 7575);
- Eurasian Bank (байланыс орталығының тегін нөмірі 7722);
- Altyn Bank (WhatsApp: +7 771 330 5777);
- Нұрбанк " АҚ (WhatsApp: +7 707 000 2552 немесе байланыс орталығының тегін нөмірі 2552);
- Хоум Кредит (байланыс орталығының тегін нөмірі 7979);
- Asia Credit Bank (байланыс орталығының тегін нөмірі 3311);
- Tengri Bank (байланыс орталығының тегін нөмірі 3434);
- Kassa Nova Bank (WhatsApp: +7 776 159 55 95 немесе байланыс орталығының тегін нөмірі 595);
- Альфа-Банк Қазақстан (WhatsApp :+7 771 766 77 66);
- Kazpost (байланыс орталығының тегін нөмірі 1499).
Тек тексерілген сайттардан сатып алыңыз
Арам ойлылар әдетте картаңыздың деректемелерін алу үшін танымал интернет-дүкеннің, банк сайтының немесе әлеуметтік желінің клонын жасайды. Мұндай жалған сайттар фишинг деп аталады. Оларға сілтемелер әдетте электрондық пошта арқылы таратылады. Алаяқтардың қармағына түспеу үшін бірнеше ережелерді есте сақтаңыз:
- күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз;
- жеке деректерді еш жерде көрсетпеңіз;
- сайттың рәсімделуіне назар аударыңыз;
- мекен-жай жолындағы сілтеменің дұрыстығын тексеріңіз;
- қорғалған https байланысын пайдаланыңыз;
- күдікті хаттарды тексеріңіз;
- банктік шоттарға кіру үшін ашық Wi-Fi-ға кіру нүктелерін пайдаланбаңыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024