Рубль бағамы шамадан тыс ауытқып, теңге бағамына әсер етсе және қажет болған жағдайда оның ықпалын төмендету үшін Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді, деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі.
Интервенциялардың көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты болады. Алтын-валюта активтерінің ағымдағы деңгейі импортты 8,8 ай көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк жүргізілген операциялардың көлемін жариялап отыратынын және Сыртқы нарықтардағы ахуалға қарай Ұлттық Банк ашық коммуникация жүргізуді жалғастыратынын хабарлады.
Айта кетейік, 26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты экономикалық шектеулер туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT хабарларымен алмасу жүйесінен алып тастауды және басқа шектеу шараларын, оның ішінде Ресейдің Орталық банкіне қатысты шектеу шараларын енгізуді көздейді.
Сонымен қоса, S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін инвестициялық емес рейтинг деңгейіне (BB+) дейін төмендетті. Осыған байланысты алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024