Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертуге нұсқаулық береді

Ұлттық банк теңге бағамын өзгертуге нұсқаулық береді

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Ұлттық банк валюталық саясатқа қоғам мен бизнестің сенімін арттыру үшін қадамдар жасап жатыр, деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

"Өткізілетін валюталық саясатқа халықтың және бизнестің ашықтығы мен сенімін арттыру - Ұлттық банктің негізгі басым бағыттарының бірі. Ұлттық банк осы бағытта бірқатар шаралар қабылдады. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасында сауда күнін ұзарту және қатысушылар үшін сауда – саттықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында аралық валюталық сессия енгізілді", - деді ол Үкімет отырысында.

Шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізудің жаңа режимі шетелдік қатысушылар үшін теңгемен есеп айырысу мүмкіндігін кеңейтеді.

"Валюталық интервенцияларды қоса алғанда, өткен айда жасалған барлық операциялар туралы ақпарат жария етіледі. Базалық ставкаға қатысты одан әрі іс-қимылдар бойынша бағдарлар және ақша-кредит және валюта саясатының бағыты туралы сигналдар беріледі. Валюта нарығындағы жағдайды түсіндіру бойынша жұмыс жалғасуда", – деді Досаев.

Айта кетейік, валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін жақсарту үшін "валюта нарығындағы квазимемлекеттік сектор компанияларының іс-қимылдарын үйлестіруді және келісуді арттыру" жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, шетел валютасын сатып алу көлемі ай сайынғы негізде келісіледі.

Похожие материалы