
Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 387,50 теңгені құрады. 3 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (386,94теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,56 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 388,7 теңге, Алматыда — 389,5 теңге.
Ұлттық Банктің 4 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 387,07 теңгені құрайды.