Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 12 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 377,72 теңгені құрады. 11 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,97 теңге / $1 теңге) ұлттық валюта долларға шаққанда 3,25 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,15 теңге, ең жоғары – 378,40 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 377,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 30 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 72.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 381 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.