Экономика
Авто
Ұлттық валюта бағамы 3 теңгеге әлсіреді
Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,37 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (369,05 теңге/$1) ұлттық валюта 3,32 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 369 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 372,35 теңгені құрады. Доллармен жасалған сауда көлемі 59 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны – 100.
Астананың ақша айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00-де 372,7 теңге, Алматыда – 372 теңге.