Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz - Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаның еркін айырбас бағамы саясатының жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктің инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
– Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ, – деді Ұлттық банк төрағасы.
Елбасы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024